Ақмола облысында жылқы баққан ер адам 4 жыл ішінде 70 млн теңгеге қарызға батқан

Сурет: primeminister.kz
Ақмола облысында жылқышы қаражатты иемденгені және алаяқтық жасады деген айыппен сотқа тартылды. Келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгеге бағаланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот анықтағандай, жылқышы 34 азаматпен олардың жылқыларын ақыcына бағуға ауызша келіскен. Ол мал басының амандығына міндеттеме қабылдап, өзіне сеніп тапсырылған мүлік үшін материалдық жауапкершілік алған.

"Алайда, 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта оның қылмыстық әрекеттері салдарынан 34 жәбірленуші азаматқа тиесілі 150 бас мал (бие, тай, айғыр, құлындар және 10 бас ұсақ мал) ысырап болған. Жылқылардың жоғалуын жасыру мақсатында, біреудің жылқыларын жоғалған жылқылардың орнына басқа азаматтарға берген. Келтірілген жалпы материалдық залалдың мөлшері 70 млн теңгеден астам соманы құрады. Сонымен қатар, жылқышы табынға айғыр керегін айтып, қаражат жинау туралы ұсыныс жасаған. Жылқы иелері ақша аударған, алайда Г. бұл қаражатты өз қалауы бойынша жұмсап, 5 жәбірленушіге жалпы сомасы 40 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген", делінген Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының хабарламасында.

Г-ның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, Г-ның қолхаттарымен, жылқыларды бағу ақысының төленгенін растайтын түбіртектермен, жылқылардың ветеринариялық паспорттарымен, беттестіру хаттамаларымен, жылқыларды таныту нәтижелерімен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Жаза тағайындауда сот Г-ның асырауында 4 кәмелетке толмаған баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай деп ескерді.

Сот үкімімен "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңын қолдана отырып, Г-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылып, Г-дан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 70 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін 115 жылқы ұрлап, жасырынып жүрген павлодарлық Мәскеуде ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек