Қазақстандықтарды әскерге шақыру ережелеріне қандай өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкіметтің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңартылған қағидаларда запастағы офицерлермен қатар запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібі де айқындалды.

Осыған байланысты қағидалардың бірқатар тармағына өзгерістер енгізілді.

Енді запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды тиісінше офицерлік және сержанттық құрам лауазымдарына әскери қызметке шақыру заңның 32-бабына сәйкес жүргізіледі.

Әскери қызметке жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралар немесе әскери факультеттерде запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери дайындықтан өткен, 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен сержанттар шақырылуы мүмкін. Ал медициналық қызметтің запастағы офицерлері 32 жасқа дейін шақырылады.

Олар денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы болмауы тиіс.

Бейбіт уақытта запастағы офицерлер мен сержанттар Үкімет қаулысына сәйкес, тиісті уәкілетті органдардың өтінімдері негізінде офицерлік және сержанттық құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін шақырылады.

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар талаптарға сәйкес келетін запастағы офицерлер мен сержанттарды зерделеу және іріктеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұл жұмыс екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең

Запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери қызметке шақыру туралы тапсырма алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда:

Егер мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаса, қажетті мәліметтер тиісті сұрау салу арқылы үш жұмыс күні ішінде алынады.

Екінші кезең

Запастағы офицердің немесе сержанттың әскери қызметке шақырылуға сәйкестігі туралы шешім зерделеу, медициналық куәландыру және арнайы тексеру нәтижелері бойынша қабылданады.

Запастағы офицерлер мен сержанттарға әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша беріледі:

Кейінге қалдыру мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес беріледі.

Егер медициналық куәландыру кезінде запастағы офицерге немесе сержантқа "Әскери қызметке уақытша жарамсыз" деген санат қойылса, денсаулық жағдайына байланысты әскерге шақыру бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылады.

Медициналық куәландыру картасының тиісті қорытындысы бар сканерленген көшірмесі цифрлық есепке алу картасының "Құжаттар" бөліміне жүктеледі. Сонымен қатар әскери қызметке жарамдылық дәрежесіне қатысты мәліметтер жаңартылады.

Егер медициналық куәландыру нәтижесінде:

Кейінге қалдырудан бас тартуға болады

Запастағы офицерлер мен сержанттар өздеріне берілген әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқығынан бас тарта алады.

Білімін жалғастыру және басқа да себептер бойынша кейінге қалдырудан бас тарту үшін тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығына жеке өтініш беріледі.

Отбасылық жағдайға байланысты берілген кейінге қалдырудан бас тарту үшін де жеке өтініш жазылады. Оған мүдделі адамдардың нотариалды куәландырылған тиісті құжаты қоса беріледі.

Мүдделі адамдарға сырттан көмек пен күтімді қажет ететін отбасы мүшелері жатады.

Әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар запастағы офицерлер мен сержанттар да өз қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұған денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар жатпайды.

Ол үшін тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының атына жеке өтініш беру қажет.

Әскери қызметке шақырылуға іріктелген запастағы офицерлер мен сержанттарға қатысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге мынадай құжаттарды жолдайды:

Уәкілетті органның басшысы осы материалдар негізінде запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери қызметке шақыру туралы бұйрық шығарады.

Шақыру туралы бұйрықтан үзінділер тиісті әскери бөлімдерге және қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге жіберіледі.

Шақыру туралы бұйрықтан үзінді алынғаннан кейін әскери бөлім командирі шақырылған офицерлер мен сержанттардың әскери бөлімге уақытылы келуін тиісті жергілікті әскери басқару органымен өзара іс-қимыл жасау арқылы бақылайды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы бұйрықтан үзінді алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде шақырылған офицерді немесе сержантты әскери қызмет өтейтін жерге жіберу туралы бұйрық шығарады.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының әскери қызметке кету туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап запастағы офицер немесе сержант әскери қызметші мәртебесіне ие болады.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы шақырылған офицерге немесе сержантқа әскери бөлімге жолдама құжатын береді және оның әскери бөлімге кетуін бақылайды.

Жолдамада көрсетілетін әскери қызмет өтейтін жерге келу күні жұмыс орнынан босауға және жолда жүруге қажетті уақыт ескеріле отырып белгіленеді.

Жолдама берілген күннен бастап әскери қызмет өтейтін жерге жетудің жалпы мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Шақырылған офицердің немесе сержанттың әскери бөлімге кеткені туралы ақпарат қорғаныс істері жөніндегі департаментке және ол әскери қызмет өткеруге жіберілген әскери бөлімге хабарланады.

Егер шақырылған офицер немесе сержант жолдама алу үшін бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келмесе, қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы әскери полиция органдарына және қорғаныс істері жөніндегі департаментке жолдаманы уақытылы табыстау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесіз болғаны туралы хабарлайды.

Әскери бөлімге жіберілетін құжаттар

Шақырылған офицер немесе сержант тиісті әскери бөлімге кеткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның жеке ісі әскери бөлімге жіберіледі.

Жеке істе мынадай құжаттар болуы тиіс:

Егер шақырылған офицер немесе сержант әскери қызмет өтейтін жерге келмесе, әскери бөлімнің кадр бөлімшелері оның келмеу себептерін анықтау үшін тиісті жергілікті әскери басқару органдарына сұрау жібереді.

Қаулы 2026 жылғы 27 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған