Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, телефондағы дөкей Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Әділхан Аягөз болып шықты. Анықталғандай аталған азаматша осыған дейін де ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Бойжеткен соттың қаулысымен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және өзге адамдардың құқықтары мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырады. Сондай-ақ, кез келген құқық бұзушылық үшін заңнамада белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді", делінген хабарламада.
Бұған дейін ШҚО-да қайғылы оқиға орын алып, кісі өлтірді деген күдікпен оқушы бала қамауға алынғаны хабарланған.