Қазақстан трансұлттық қылмыстарды тергеу бойынша жаңа мүмкіндіктерге ие болады

Фото: polisia.kz
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 23 қыркүйектегі жалпы отырыста "Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасын екі оқылымда мақұлдап, Президенттің қол қоюына жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, құжатқа 1959 жылғы 20 сәуірде Страсбургте қол қойылған. Оның сөзінше, Конвенция оған қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелеріне қатысты қатынастарды реттеуге бағытталған.

"Конвенцияға қосылу Қазақстанға қазақстандық құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, сондай-ақ шетелге шығарылған, заңсыз жолмен алынған активтерді елге қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық істерді, соның ішінде трансұлттық қылмысқа қатысты істерді тергеудің жеделдігі мен тиімділігін арттырады", – деді ол.

Құрылтай қорытындысында Конвенцияға сәйкес оған қатысушы мемлекеттер өзара негізде және құжатта көрсетілген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмек көрсетуге міндеттенетіні айтылған.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конвенцияны алты ескерту мен мәлімдемені ескере отырып ратификациялауын көздейді.

Соның ішінде:

Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды жіберуге және қабылдауға уәкілетті орталық органдар ретінде:

Конвенцияның іске асырылуы Қазақстан Республикасының оған қатысушы мемлекеттермен қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығының тиімділігін арттырады деп күтіледі.

Қазақстан
Құрылтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар