Мектептердегі оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Фото: akorda.kz
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрығымен бірқатар бұйрыққа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдардағы білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау тәртібіне қатысты қағидалар нақтыланды.

Қорытынды аттестаттау – білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша көзделген оқу пәндері, оқу дисциплиналары мен модульдердің көлемін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған рәсім.

Егер 11 (12)-сынып оқушысы оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалаудан "2" деген баға алса, ол қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және оған анықтама беріледі.

Ал техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында компьютерлік тестілеу цифрлық жүйелерге енгізілген құралдар немесе жеке құралдар арқылы жүргізіледі. Тестілеу процесі автоматтандырылады, ал оның нәтижелерін өңдеу және сақтау да автоматты түрде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптар нақтыланды

Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері де жаңартылды.

Оларға:

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау білім беру саласындағы цифрлық объект арқылы бірыңғай есепке алу, кезектілік және жолдама беру базасы негізінде жүзеге асырылады.

Мектептердің түрлері бойынша анықтамалар өзгерді

Орта білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты қағидаларда бірқатар ұғым жаңа редакцияда берілді.

Мысалы, арнайы мектеп – мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы мен тәрбиеленуіне арнайы жағдай жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.

Әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім берумен қатар тереңдетілген әскери-дене дайындығын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы. Мұнда негізгі орта білімді аяқтағаннан кейін әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқуын жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Гимназия – оқушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және басқа да бағыттар бойынша кеңейтілген әрі тереңдетілген білім беретін оқу орны.

Лицей – негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша кеңейтілген әрі тереңдетілген білім беретін оқу орны.

Жалпы білім беретін мектеп – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы, жеке дамыту және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым.

Сондай-ақ негізгі мектеп, мектеп-интернат, санаторийлік мектеп-интернат, мектеп-интернат-колледж, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат, қосымша білім беру орталығы бар мектеп және желілік мектеп секілді ұғымдардың анықтамалары нақтыланды.

Оқу орталықтарының міндеттері белгіленді

Қағидаларға сәйкес, цифрландыру саласындағы білім басқармаларының құрылымдық бөлімшелері ретінде оқу орталықтары құрылады.

Олардың негізгі мақсаты – цифрландыруды енгізу процесін қолдау және үйлестіру.

Оқу орталықтары:

Сонымен қатар оқу орталықтары дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бірыңғай цифрлық кеңістік пен желілік өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастырады. Дарынды балалардың цифрлық деректер базасы – Дарынды балалардың бірыңғай тізілімін құру да көзделген.

Бұйрық 2026 жылғы 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті: тоғызы қаза тапты

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді