Алдымен күдікті қаладағы үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөлікті заңсыз айдап кеткен. Кейін көлік табылып, иесіне қайтарылды. Одан соң дүкендердің бірінің маңында ол бейтаныс ер адамға күш қолданып, телефоны мен 25 мың теңгесін ашық түрде тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін үйлердің бірінің ауласында тағы бір жәбірленушінің телефонын, қолсағатын және 5 мың теңгесін алып кеткен.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". ШҚО ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқаны хабарланған. Сәби ауруханада көз жұмды.