ШҚО-да ашық түрде кісі тонаумен айналысқан күдікті ұсталды

Ұсталды, ШҚО, Өскемен, тонау, күдікті  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 19:43 Сурет: pexels
Облыс орталығында криминалдық полиция қызметкерлері басқа облыстың 37 жастағы тұрғыны жасаған үш қылмыстың, атап айтқанда, автокөлікті айдап әкету және екі тонау дерегінің бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен күдікті қаладағы үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөлікті заңсыз айдап кеткен. Кейін көлік табылып, иесіне қайтарылды. Одан соң дүкендердің бірінің маңында ол бейтаныс ер адамға күш қолданып, телефоны мен 25 мың теңгесін ашық түрде тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін үйлердің бірінің ауласында тағы бір жәбірленушінің телефонын, қолсағатын және 5 мың теңгесін алып кеткен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқаны хабарланған. Сәби ауруханада көз жұмды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: