Ақмола облысында мәслихат басшысы мен оның отбасына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Ұсталды, Ақмола облысы, мәслихат басшысы, отбасы, қарақшылық шабуыл , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 17:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері аудандық мәслихат төрағасына жасалған қарақшылық шабуыл түріндегі қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ 2025 жылы 25 шілдеде 4 миллион теңгеден астам шығын келтірілген қарақшылық шабуылға қатысты тың мәліметтер ұсынды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті үш адам ұсталды. Олардың екеуі - Жамбыл облысының, бірі - Түркістан облысының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет осындай қылмыстар үшін сотты болған. Тінту барысында жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар тәркіленді. Қазіргі уақытта үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі азаматтарға төнген кез келген қауіпке жедел ден қоя отырып, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

15 шілдеде бетперде және капюшон киген екі ер адам Астраханка ауылында ерлі-зайыптылардың үйіне кіріп, аңшы мылтығымен қорқыту арқылы қарақшылық шабуыл жасаған. Олар жәбірленушілерді байлап, үйлерінің жертөлесіне қамап кеткен. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: