Ақмола облысында мәслихат төрағасының үйіне қылмыскерлер шабуыл жасады

Ақмола облысында мәслихат төрағасының үйіне қылмыскерлер шабуыл жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 20:08 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында бейтаныс адамдар аудандық мәслихат төрағасының үйіне шабуыл жасаған. Бұл ақпаратты Zakon.kz тілшісіне облыстық полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, қарулы қылмыскерлер түнде бетперде киіп, жекеменшік үйге баса-көктеп кіріп, үй иесін отбасымен бірге жертөлеге қамап қойған. Кейін үйді тінтіп, мүлікті көлікке тиеп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Ақмола облысының полициясы әзірше оқиғаның егжей-тегжейін жария етпеді, бірақ шабуыл фактісінің болғанын растады.


"Астрахань ауылында болған қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты ашу ісі департамент басшылығының бақылауында”, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: