Арнайы іс-шара барысында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеуді күшейтіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасына, олардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге баса назар аударды.
Нәтижесінде 2 300-ден астам құқық бұзушылық анықталып, 27 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын заң талаптарын сақтауға шақырады.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп өткізген арнайы іс-шара барысында Ауғанстаннан "Солтүстік бағдар" деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кескені хабарланған.