Шетелдіктерге ЖСН рәсімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Фото: gov4c.kz
Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 23 қарашадағы бұйрығымен Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қалыптастыру және түзету жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, қызмет алушы өтініш білдірген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері:

ХҚКО ақпараттық жүйесінде ЖСН қалыптастыруға өтінім рәсімдеу кезінде қызмет алушының паспорт нөмірі енгізіледі. ХҚКО ақпараттық жүйесінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграциясы арқылы шетелдік азамат туралы жеке деректер толтырылып, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені, яғни ел аумағында жүргенін растайтын мәліметтер тексеріледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде иммигранттардың эталондық дерекқорындағы мәліметтер негізінде олардың Қазақстанда болу (тұру) заңдылығы тексеріледі.

ЖСН қалыптастыруға арналған өтінімге жеке басын куәландыратын құжаттың және оның нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмелері қоса тіркеледі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда қызмет алушы туралы мәліметтер ХҚКО ақпараттық жүйесіне оның өтінішінде көрсетілген деректер негізінде енгізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда қызмет көрсетушінің уәкілетті қызметкері ХҚКО ақпараттық жүйесі арқылы өтінімді ІІМ-нің Орталық серверіне жолдайды.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қызмет алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Қызмет алушы ұсынған өтініште немесе құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталса, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі немесе құжаттар топтамасының толық болмауы жағдайында қызмет көрсетуші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте қызмет алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін екі сағат уақыт беріледі. Бұл уақыт мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдау күні ретінде қызмет алушының алғаш жүгінген күні есептеледі.

Құжаттарды қайта тапсыру қызмет алушы тарапынан анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін, қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрған уақыт ішінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.

Егер белгіленген уақытта кемшіліктер жойылмаса, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тіркеу куәлігін беру немесе бас тарту себептері көрсетілген жауап ұсыну.

Бұйрық 2026 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді