Алматыда тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру жайы талқыланды

Жиналғандардың белсенділігімен «тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды.
Алматы қаласында «ТКШ саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ПРООН бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде «Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру проблемалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ПИК қауымдастықтарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ПИК төрағалары, басқарушы компаниялар қатысты.

Дөңгелек үстел шеңберінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы тұрғын үй шаруашылығы саласы реформаларының негізгі бағыттарын таныстырды.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде өз үйін басқаруға және күтуге үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін кеңінен тарту, сондай-ақ тұрғын үй секторына шағын және орта бизнесті тарту мақсатында тұрғын үй жылжымайтын мүлкін басқарудың ұсынылатын модельдері талқыланды.

Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобында қарастырылатын «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: