Жаңа рекорд: Оралда дизель отыны 219 теңгеден сатылуда

Zakon.kz
Оралда Ресейден әкелінетін дизель отынының құны шарықтап кетті.
Елімізде енді дизель отыны тапшы. Мәселен Семейдегі жанармай бекеттері осы сұйық отынды тек талон бойынша ғана құюға мәжбүр. Ал Оралда Ресейден әкелінетін дизель отынының құны шарықтап кетті. Бүгінде, оның бір литрі 219 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оралда дизель отынын кез-келген жанармай құю бекетінен табуға болады. Әйтсе де, мұнда аспандаған баға рекордтық көрсеткіш жетіп отыр. Қымбаттау жағынан, әсіресе, Ресейден тасымалданатын дизель алда тұр. Оның бір литрі 219 теңгеден саудалануда. Ал жергілікті билік өкілдері елімізде өндірілетін дизельдің 180 теңгеден сатылып жатқанын айтып ақталды. Алайда олар оның қоры 20 күнге ғана жетеді дейді. Сондықтан баға әлі де өсуі мүмкін.

Ал Семейде дизель отыны тіпті тапшы. Қазір ол қала бойынша бір ғана жанармай бекетінде бар екен. Әйтседе, оның өзін тек талон бойынша ғана беріп жатыр. Соның кесірінен кейбір жүргізушілер жолда қалып қойған.

Семейде демалыс күндері дизель отынының бағасы аспандап кеткен. Жүргізушілердің айтуынша, кейбір жекеменшік жанармай бекеттері оның бір литрін 215 теңгеден сатқан. Ал жергілікті билік оның қысқа арналған дизель болғандықтан қымбаттағанын жеткізді.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс