Қазақ елінің латын әліпбиіне өтуін Қытайдағы қандастарымыз да қолдады

Zakon.kz
Латын қарпі алыстағы ағайынмен ақпарат алмасуды жеңілдетеді.
Жиырма жылдан астам латын қарпін пайдаланған Шыңжаңдағы ағайын қазір төте жазуды пайдаланады, - деп жазады Хабар 24.

Ал кирилл қарпін көпшілігі танымайды. Сондықтан латын алыстағы ағайынмен ақпарат алмасуды жеңілдетеді. Белгілі түріктанушы, ғалым Еркін Ауғали осындай пікірде. Оның айтуынша, Қазақстан қоғамы жаңа қаріпті қабылдауға дайын. Өйткені бұл маңызды қадам біраз жылдан бері талқыланып келеді. Ал латын жазуы ақпараттық-технология тілі екенін қазір жас та, жасамыс та біледі. Қырық жылдан бері Қытай орталық университетінде орхон-енисей, араб, ұйғыр тілдерінен сабақ беріп келе жатқан ғалым көне түрікшені де латыншаға транскрипциялаған.

– Латынға көшу туралы ұзақ жыл талқы жасап, билік те, ғалымдар да сабырлықпен қабыл етуі дұрыс. 90 жылдардың ортасында біраз елдер асығыс өтті. Ал Қазақстанда толық талқы жасалды, - деді Қытай орталық ұлттар университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің профессоры Еркін Ауғали.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды