БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

Zakon.kz
Ұрлыққа тыңғылықты дайындалғаны сонша, олар мініс аттарын шағын жүк көлігімен тиеп жеткізген.
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

Барымташылар Алмаз ауылына көршілес Ақтөбенің Қобда ауданынан келген. Ұрлыққа тыңғылықты дайындалғаны сонша, олар мініс аттарын шағын жүк көлігімен тиеп жеткізген. Алайда даладағы 22 бас жылқыны айдап ала жөнелген ұрылардың жолы болмады.

Жылқы үйірін JPS-трекердің көмегімен қарап жатқан мал иесі дер кезінде полицияға хабар береді. Нәтижесінде 2 барымташы қолға түсіп, қылмыстық іс қозғалды. Олардың 5 сыбайласы іздестіріліп жатыр.

Жалпы өңірде биыл мал ұрлығы 27 пайызға азайған. Бұл ішкі істер бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқасында мүмкін болыпты.

- Биыл учаскелік инспекторларға 50 автокөлік бөлінді. Былтыр да 50 бөлінген. Соның арқасында ауылдық жерлердегі инспекторлар 70 пайызға көлікпен қамтылып отыр. Олар түнгі уақытта шығып, мал және ет тасымалдайтын автокөліктерді тексеру жұмыстарын жүргізуде, - дейді БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Құспаев.

Фото: today.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты