Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын шатастырып алды

Zakon.kz
Марапаттау кезінде Қазақстанның ескі әнұраны қойылған.
Сочи қаласында самбодан өткен әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын шатастырып алған, - деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстанның әнұраны шатастырылған сәттің видеосын Facebook қолданушысы Дидар Нөкеш жариялады.

Белгілі болғандай, 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль ұтып алған қазақстандық балуан Есет Қуановты марапаттау кезінде Қазақстанның ескі әнұраны қойылған.

«Тағы да Мемлекеттік Гимн шетелде дұрыс орындалмады. Неменеге үнемі шатастырып жатады? Қазақстан Гимнін қайдан жүктейді? Қазақстандық Есет Қуанов Сочи қаласында өткен самбо бойынша әлем чемпионатында алтын медаль ұтып алды. Осыған орай марапаттау рәсімінде дәстүрлі түрде алтын медаль иегерінің Гимні орындалатын еді. Бұл жолы «Жаралған намыстан» деп басталатын ескі Гимн қосылып, кейін ұйымдастырушылар тоқтатып тастады. Арада біраз уақыт өткен соң, комментатор кешірім сұрап, соңғы нұсқасын таба алмағандығын хабарлап айтты», - деп жазды Дидар Нөкеш парақшасында.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды