СҚО-да екі күн далада адасып қалған ресейліктер табылды

Zakon.kz
СҚО полицейлері автокөлікті жөндеуге көмектесіп, ресейліктерді шекараға дейін шығарып салды.
СҚО Уәлихан ауданында көліктерімен ен далада жоғалып кеткен ресейлік ерлі-зайыптылар аман-есен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, өткен демалыста ерлі-зайыптылардың жоғалғаны туралы ақпарат белгілі болғаннан кейін бүкіл жеке құрам іздеу жұмыстарына жұмылдырылған. Ерлі-зайыптылар «Nissan» автокөліктерімен Степногорск қаласынан Ресейдің Омбы қаласына бара жатқан.

«Балаларының жоғалғаны туралы әйелдің әкесі хабар берді. Олар жұма күні Омбыдағы үйлеріне жетіп қоюы керек болатын. Әйелдің әкесі Владимир Полтавец бір тәулік бойы балаларын іздеп таба алмаған. Ақыры, шекарада аталған маркалы көліктің өтпегенін хабарлағаннан кейін уайымдаған әке СҚО ІІД қызметкерлерінен көмек сұрады», - деп хабарлайды ведомстводан.

Құқық қорғау қызметінен арнайы құрылған топ далаға шығып, барлық елді мекендерді тексеріп шыққан. Ертеңінде таңертең тағы 8 топ құрылып, іздеу жұмысына тіпті әкімдік қызметкерлері жұмылған.

«Олардың үйлерінде 4 және 11 жастағы екі қызы күтіп отырған еді. Жексенбі күні түске таяу Домбыралы ауылынан 4 шақырым жерде ерлі-зайыптылар аман-есен табылды. Қолайсыз ауа-райы салдарынан жолдан адасып, көліктері жүрмей қалған. Екі тәулік бойы машинаның ішінде отырыпты», - деп хабарлайды СҚО ІІД-нен.

Құтқарушылар мен құқық қорғаушыларға алғысын білдірген Татьяна Зайцева мен жұбайының қуанышында шек жоқ. СҚО полицейлері автокөлікті жөндеуге көмектесіп, ресейліктерді шекараға дейін шығарып салды.

Фото: inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды