2018 жылы Петропавлда 1660 пәтерге шақталған 15 үй бой көтередi

Zakon.kz
Келесi жылы бұл жұмыс қарқынды түрде жүргiзiлмек.
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавл қаласында қолданысқа берiлген 126 және 75 пәтерлi үйлердi аралап, баспана иелерiмен тiлдестi. Пәтер иелерi мемлекеттiк қолдаудың арқасында кең әрi жылы үйге ие болып отырмыз дестi.

Жалпы облыс орталығында мемлекеттiк тұрғын-үй бағдарламасы сәттi жүзеге асуда. 2016 жылы 619 пәтерлi 7 үйдi iске қосылды. Былтыр 50 мың шаршы метр енгiзiлсе, биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында бұл көрсеткiш 83 мыңға жеттi. Өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.

Бүгiнгi күнге дейiн Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкi желiсi бойынша 4 үй қолданысқа берiлдi. Жыл соңына дейiн 222 пәтерлi 3 ипотекалық үй және 400 пәтерге шақталған жалгерлiк-коммуналдық 4 үй енгiзiледi.

«Биыл бiз 11 тұрғын үйдi қолданысқа беремiз. 1003 отбасы пәтерге ие болады. Оның 400-iн әлеуметтiк қорғалмаған топтарға, оның iшiнде көп балалы аналарға, мүгедектерге беретiн боламыз», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Айта кету керек, 2012 жылдан берi Петропавлда бар болғаны мың пәтер берiлсе, тек биылдың өзiнде осыншама баспана халық игiлiгiне тапсырылады.

Келесi жылы бұл жұмыс қарқынды түрде жүргiзiлмек. 2018 жылы 15 үй салынып, 1660 отбасы қоныс тойын тойлайды. Тұрғын үйлер Береке, Жас Өркен шағын аудандарында және Жуков көшесi бойында тұрғызылады.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты