Ақтөбеде енесін тақырға отырғызып кеткен келін тәртіп сақшыларының назарына ілікті

Zakon.kz
Енесінен бөлек өзге адамдарды да тонағаны белгілі болды.
2014 жылы 11,2 млн теңгелік мүліктері жоғалғанын байқаған әйел полицияға хабар береді. Ұры есікті сындырмай кіре алғандықтан, бірден күдікке оның келіні ілінген. Ұлының әйелі үйі тоналғаннан кейін ізін жасырып үлгереді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Полиция келіннің Украинадағы туыстарында жасырынып жүргенін анықтады. Ол қамауға алынғаннан кейін енесінен бөлек өзге адамдарды да тонағаны белгілі болған. Компанияда есепші болып қызмет еткен келіншек ол жерден 5 млн теңгені қолды қылыпты.

«Украинаға аттанған полицейлер тобы келіншектен бөлек 29 млн теңгені қолды қылған өзге компания директорын құрықтады. Күдіктілерді экстрадициялау мәселесі қарастырылуда», — дейді Ақтөбе ІІД баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева.

Фото: aktobenews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр