Түркия Қазақстаннан түрік лицейлерінің мұғалімдерін қайтаруды талап етуде

Zakon.kz
Қазақстан президенті осыған дейін мұғалімдерді Түркияға бермейтінін мәлімдеген.
Түркия Қазақстандағы түрік лицейлерінің мұғалімдерін ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленмен қатысы бар деп айыптап, елге қайтаруды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды centralasian.org.

Қазақстан президенті осыған дейін мұғалімдерді Түркияға бермейтінін мәлімдеген. Бірақ соған қарамастан түрік билігі оларға босқын мәртебесін бермеуді талап етеді.

Тамыз айында миграциялық қызмет өкілдері ағарту-инновациялық лицейдің Түркиядан келген мұғалімі Осман Демирелдің үйінің есігін қаққан. Олар қыздарының мерзімі өтіп кеткен құжаттарын сұраған. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы Түркия елшілігі құжаттардың мерзімін ұзарту туралы өтініштеріне құлақ аспаған.

Заңгер Әлібек Смаилов Түркиядан келген мұғалімдер Қазақстанда босқын мәртебесін сұраған күннің өзінде, оларға беруі екіталай дейді. Расында миграциялық қызмет оларды елінде қудалап жатқаны жөніндегі құжаттары жеткіліксіз дейді.

Қазақстанда қазіргі уақытта қазақ-түрік мектептерінің түлектері арасында мұғалімдерін қорғауға арналған флешмоб жүріп жатыр. Қазақстанда өткен жылы түрік лицейлері ағарту- инновациялық лицейі болып өзгертілген.

Бүгінгі күні 27 мемлекеттік, 3 жеке лицей, 2 халықаралық мектеп, 2 колледж бен 1 Сүлеймен Демирел атындағы университет бар.

Фото: sn.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты