Қазақстандық 5 шорт-трекші Олимпиадаға жолдама алды

Zakon.kz
Олар - Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Денис Никиша және Йонг Ким мен Анастасия Крестова.
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын шорт-трекшілеріміздің есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 23 қараша күні Әлем кубогының сериясынан кейін, Халықаралық конькимен сырғанау одағы 2018 жылы XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшыларды атаған.

Шорт-трекшілерге олимпиадалық жолдама 19 қараша мен 28 қыркүйек аралығында Будапештте (Венгрия), Дордрехт (Нидерланды), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында өткен әлем кубогындағы нәтижелерге қарай берілген.

Осы кезеңдердің нәтижесінің қорытындысына сәйкес бес қазақстандық спортшы Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Олар - ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Денис Никиша және қыздар арасында Йонг Ким мен Анастасия Крестова.



Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді