Елордада қызып алған жігіт түн ішінде 8 көлікке зақым келтірген

Zakon.kz
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны қамауға алынды.
«Алматы» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері үйдің ауласында тұрған 8 көлікке зақым келтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қараша күні түнгі 3.00 шамасында «Алматы» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Мәлік Ғабдуллин көшесі бойындағы үйдің ауласында 8 көлікті зақымдады деген күдікпен ер адамды аумақтық ІІБ-ге жеткізді.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді және ҚР ҚК 293-бабы бойынша (бұзақылық) тексеру жүргізілуде. Күдікті ұсталған кезде мас болған. Тергеу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны достарының үйінде қонақта болып, ішімдік ішкенін, содан кейін аулаға шығып, тұрақтағы автомашиналардың кейбірінің шынысын сындырып, енді бірінің есігін майыстырғанын айтты, - деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі кезде көлік қожайындарынан арыздар келіп түсуде.

Фото: zakon.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған