Қымызды ең бірінші зерттеген қазақ туралы деректер табылды

khabar.kz
Ол 1896 жылы Томск император университетінде ұлттық сусынның емдік қасиеті туралы ғылыми еңбегін қорғаған.
Әміре Айтбақин – қымызды алғаш зерттеген қазақ. Ол 1896 жылы Томск император университетінде ұлттық сусынның емдік қасиеті туралы ғылыми еңбегін қорғаған, деп жазады Хабар телеарнасы.

Мұны растайтын құжаттар жақында көршілес елдің мұрағатынан табылды. Әміре Айтбақин сол кезде лауазымды қызмет атқарғанына қарамастан, 30 жасында дәрігер мамандығын игеруге бет бұрады.

Осылайша Томск университетінің студенті атанып, оны үздік бітірген. Бұдан соң елге оралып, Қарқаралы уезінде ұзақ жылдар бойы дәрігер болып еңбек етеді.

Сондықтан Әміре Айтбақинді көпшілік білімі, дипломы бар қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер деп те таниды. Қазір осыны дәлелдейтін құнды құжаттар Қарқаралы аудандық мұрағатында сақтаулы.

Манарбек Кәрім, Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының басшысы:

- Бұл – «Қазақтың қымызының патентін кім алып қойды?» деген үлкен сұраққа жауап. Қымыздың құрамын зерттеп, ол туралы 1896 жылы кітабын шығарған – Әміре Айтбақин. Сондықтан басқа елдің қымызды меншіктеуге ешқандай құқы жоқ деп ойлаймын.


Фото: khabar.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео