Мұхамедиұлы неліктен Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отырғанын түсіндірді

24smi.org
Мұнымен қатар, ол талантты әнші әрі сазгердің барлық альбомын қайта шығаруды ұсынды.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы не себепті Қазақстанда әнші әрі сазгер Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мұндай бастаманы көтеріп отырған қазақстандықтарға мың мәрте алғыс айтамын. Уақыт өте келе сазгерді еске алу кештерін өткіземіз. Заңға сәйкес, қайтыс болған адамның атына бес жылға дейін көше бере алмаймыз және оған арнап ескерткіш орнатуға болмайды. (...) Бізде заң бар және біз сол заңға сәйкес әрекет етуіміз керек. Алдағы уақытта Батырханға арнап ескерткіш қойып, көшелердің бірі мен концерттік ұйымға сол кісінің атын беретінімізге сенімдімін», — дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мұнымен қатар, ол талантты әнші әрі сазгердің барлық альбомын қайта шығаруды ұсынды.

«Батырхан Шүкенов жазып үлгерген альбомдар мен халыққа таралып үлгермеген әндерін қайта шығаруымыз керек. Батырханның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы достары көп. Олар мұны меценаттардың көмегімен жүзеге асыруды ұсынды», — дейді Мәдениет және спорт министрі.

Естеріңізге сала кетсек, Батырхан Шүкенов сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні көз жұмды. Ал әншімен қоштасу кеші 1 мамыр күні Жамбыл Жабаев атындағы филармонияда өтті. Қазақстандағы барлық қалада жыл сайын әншіні еске алу кештері өтіп жатыр.

Фото: 24smi.org

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды