Астананың үш жылдық бюджеті қабылданды

Zakon.kz
Астананың алдағы үш жылға арналған бюджеті 997 млрд теңгені құрамақ.

Қалалық мәслихаттың депутаттары елорданың басты қаржылық құжатын бірауыздан қабылдады, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында 2018 -2020 жылдарға арналған елорданың бюджет жобасын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді ұсынды.

Оның берген мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласының алдағы үш жылға арналған бюджеті 997 млрд теңгені құрамақ. 2018 жылы жергілікті бюджеттің көлемі – 369 млрд, 2019 жылы – 320 млрд және 2020 жылы – 308 млрд теңгені құрайтын болады деп жоспарлануда.

Ерғали Егембердінің айтуынша, бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы толықтай сақталған. Әлеуметтік салаға 124 млрд теңге көлеміндегі қаражатты бөлу көзделген. Бұл қаржы жалпы бюджеттің 34 пайызын құрайды. Бюджет жобасында еңбекақы төлемдеріне, әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар да қарастырылған.

Айта кетейік, келесі жылғы іс-шаралар негізінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығының аясында өтпек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды