Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Петропавл арақ зауытына» барды. «Nord Food» компаниясы кәсiпорынның жаңа инвесторы. Өңiр басшысы компания басшылығымен зауыттың болашағын талқылады. Зауыт 1,5 ай бойы тоқтап тұрды. Қазiр өндiрiс қайта жанданды. Жаңа басшылық зауытта жаңғырту жұмыстарын жүргiзудi көздеп отыр. Құмар Ақсақалов зауыттың жұмыс орындарды көбейтiп, жалақыны өсiруге зор мүмкiндiгi бар екенiн атап өттi.
«Бұл кәсiпорын тұрақты жұмыс жасайды деп сенемiз. Зауыттың болашағы бар. 3,1 млрд теңге акциздың қазiр 2 млрд теңгесi төлендi. Қалған сомасы жыл аяғына дейiн төленедi. Бiрақ, бұл жоспар төмен. Келесi жылы көбейту керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Еңбекақы қорын да ұлғайтқан абзал. Өкiнiшке орай, орташа еңбекақы жоғары емес. Инвестор зауытта жаңғырту жұмыстарын да жүргiзедi», -дедi Құмар Ақсақалов.
«Петропавл арақ зауытының» директоры Еркiн Айдарханов бұдан былай кәсiпорын тұрақты жұмыс iстейдi деп сендiрдi.
«Зауыттың алдында тұрған бар мiндеттердi орындаймыз. Бiрiншiден салық бойынша, екiншiден әлеуметтiк мiндеттер бойынша жұмыс орындарын сақтау. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашамыз», — дедi Еркiн Айдарханов.
Қазiр зауытта 168 адам еңбек етедi.