Алматы облысының тұрғыны туған анасын аяусыз соққыға жықты

sputniknews.kz
Қарт әйелдің денесінен соққы іздері табылып, дәрігерлер оның миы шайқалғанын анықтады.

Алматы облысында анасын соққыға жыққан 42 жастағы ер адамға айып тағылды, деп хабарлайды sputniknews.kz, өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

18 желтоқсанда Райымбек ауданы Кеген ауылында дәрігерлер 67 жастағы әйелге медициналық көмек көрсетеді. Оның денесінен соққы іздері табылып, миы шайқалғаны анықталады.

Полицияның хабарлауынша, зардап шеккен әйел әуелі қалай соққыға жығылғанын жасырмақ болады. Бірақ тәртіп сақшылары қарт әйелдің баласынан күдіктеніп, оны аудандық бөлімшеге жеткізеді.

"Ер адамның ішіп алып, анасын ұрғаны белгілі болды. Жанжал кезінде оның лақтырған көсеуі әйелдің басына тиген. Аталған факті бойынша қылмыстық тергеу басталды", — деді полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз