Шымкентте «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды

Көрме мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.

Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Президент күніне арналған іс-шараның барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін,Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды.

Сондай-ақ көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Н.Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрме мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: