«RIC ON EXPORT» бағдарламасының мүмкіндіктері кеңеюде

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Ынтымақтастықтың басты мақсаты – «Оңтүстік» АИО қолдаған тауар өндірушілердің өнімдерін бөлшектік экспорттауды ZoodMall Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы дамыту.

RIC ON EXPORT бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Zoodel» халықаралық онлайн-сауда алаңы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ынтымақтастықтың басты мақсаты – «Оңтүстік» АИО қолдаған тауар өндірушілердің өнімдерін бөлшектік экспорттауды ZoodMall Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы дамыту.

Бұл платформа үздік халықаралық онлайн-сайттарда 300 миллионға жуық әлеуетті сатып алушылармен бөлшек сатуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық орнату әлемнің және Қазақстанның кез-келген өңіріне өнімдерді жеткізу мүмкіндігін береді.

Меморандумның шарттарын іске асыру үшін «Zoodel» B2B сайтында алғашқы 50 кәсіпкерлердің өнімдерін орналастыру, кәсіпорындардың 5 тілдегі мамандандырылған парақшаларын жасау, шет елдердің тендерлік ақпараттарына қолжетімділікті ұйымдастыру, өнімдерді тексеру және сатып алушылардың сәйкестігін растау бойынша қызметтер, қауіпсіз төлемдер, жеткізу қызметтері және т.б. жоспарлануда.

Айта кету керек, «RIC ON EXPORT» ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасының аясында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы тарапынан Жібек жолының мақсатты нарықтарында өнімдерді тиімді ілгерілету, сондай-ақ, Zoodel-мен бірге экспорттаушы бұрышын ашу мақсатында нарықты зерттеу мәселелері мен баға белгілеу саласына қосымша қолдау көрсету жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Новосібір қаласында өткен «Фудсиб» жемістер мен көкөністер көтерме және бөлшек сауда кешенінің ашылу рәсімі барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Новосібір қаласындағы «Фудсиб» сауда кешені арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бүгінде компанияда Ресей Федерациясына өнімдерді экспорттауды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету және кешенді қызмет көрсету үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті