Алматы облысында жігітіне қашып кеткен қыз ата-анасына қайтарылды

stan.kz
Жоғалған қыз Алматы қаласындағы жігіті тұратын үйден табылды.

Алматы облысында бір апта бойы іздестірілген қыз табылды. 17 жастағы қыз сүйіктісіне қашып кеткен. Бұл туралы stan.kz, облыстық ІІД берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының полицейлері жаңа жылдық мерекеден кейін үйінен шығып кеткен 17 жастағы қызға іздеу салды.

«Қаратал ауданының полицейлеріне Үштөбе қаласының 38 жастағы тұрғыны шағымданды. Оның айтуынша, 1 қаңтар күні кәмелеттік жасқа толмаған қызы үйден шығып кетіп, оралмаған. Өз беттерінше іздеу жұмыстарын жүргізген, бірақ нәтиже бермепті», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Жоғалған қыз Алматы қаласындағы жігіті тұратын үйден табылды. Қыздың сүйіктісі де Үштөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Іздестіру барысында олардың қайда тұратыны анықталды.

“Қазір кәмелеттік жасқа толмаған студент қыз ата-анасымен бірге. Қыз есепке қойылды. Полицейлер оған түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды