Уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ҚазАқпарат
Д. Мүбаров енді 70 АЕК көлемінде айыппұл және 112348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуге міндетті.

Қарағандыда заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дін істері басқармасына сілтеме жасап.

2017 жылдың қазанында жүргізілген діни сараптама қорытындысы бойынша, Қарағанды әкімдігі Дарын Мұбаровтың заңсыз миссионерлік қызметіне қарсы талап-арыз берген болатын.

Аталмыш арызға сәйкес, Қарағанды қаласының ауданаралық мамандандырылған соты ҚР Әкімшілік құқыз бұзушылық туралы Кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша Дарын Мүбаровты жауапкершілікке тартты. Алайда, уағызшының қорғаушылары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіріп материалдарды психологиялық және филологиялық сараптамадан өткізу туралы талап жасады.

4 қаңтарда өткен сараптама нәтижесі бойынша облыстық сот ауданаралық соттың шешімін өзгерткен жоқ.

Шешімге сәйкес, Д Мүбаров енді 70 АЕК көлемінде айыппұл және 112348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуге міндетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды