Қарағанды облысында айықпас дерт жұққан жылқыларды өртеп жатыр

Сурет: zakon.kz
Бұл ауылға Астанадан эпизоотикалық топ келіп, малдарды қайта тексеруден өткізген.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылында инфекциялық эпизоотикалық лимфангит жұқтырған 15 жылқының көзі жойылатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұл ауылға Астанадан эпизоотикалық топ келіп, малдарды қайта тексеруден өткізген.

Олар бұл індеттен айығу мүмкін емес деген байламға келген. Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының әкімі Орымбала Дүйсембекованың мәлімдеуінше, мал дәрігерлері келгенге дейін жылқыларды екі апта басқа малдардан оқшау ұстаған.

«Бұл ауру сегіз үй-жайдан анықталды. Ауылда барлығы 175 қора бар. Жұқпалы ауру таралмады. Мал дәрігерлері күн сайын бірнеше жер қораларды аралап, малдарды тексеріп жатыр», - деді ауыл әкімі.

Жылқылардың иелері өтемақы алу үшін ветеринария басқармасына өтініш жазып, малдың төлқұжатын немес басқа да құжатын алып баруы керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді