Еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, бұрқасын болады

24.kz
Қар жауып, тұман түседі.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында қалып, кей жерлерде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасындатады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде Ақмола облысында екпіні 25 м/с-ке жетеді, кей жерлерде бұрқасындатады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, бұрқасындатады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді