ОҚО әкімі Бас мүфтимен кездесті

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бас мүфти діни білім беру мәселесіне тоқталып, жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығын айтты.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайта түсу, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау, жат ағымның арбауында кеткен жастардың дәстүрлі дінімізге оралуына жан-жақты ықпал ету жайында өзара пікір алмасты.

Облыста діни ахуалдың тұрақты екенін айтқан аймақ басшысы Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, көп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отырғанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді. Қазақы қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірде діні бөлек болса да тілегі бір түрлі этнос өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүріп келеді» - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде бас мүфти діни білім беру мәселесіне тоқталып, жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығын айтты. Сонымен бірге мұсылмандардың рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандырып, қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін сөз етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін