Боранда жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің денесі табылды

ҚазАқпарат
Жасы жиырмаға енді ілінген жігітті полиция мен төтенше жағдай, әкімдік қызметкерлері бір тәулік бойы іздеген.

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданында жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасы жиырмаға енді ілінген жігітті полиция мен төтенше жағдай, әкімдік қызметкерлері бір тәулік бойы іздеген. Аудандық ІІБ бастығы Марат Әлжановтың айтуына қарағанда, құрамына еріктілер қосылған іздеу тобы жақын маңдағы ауылдардың барлығын тексерген. Ақмола облысының Ішкі істер департаментіне хабар берілген.

«Жоғалып кеткен Береке ауылының 20 жастағы тұрғыны өз ауылынан 10 шақырым жерден табылды. Мәйітте дене жарақаты жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Береке ауылында тұратын мұғалім күндіз үйінен мектепке шығып, із-түзсіз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бейсенбі күні аталған ауданда қатты жел тұрып, боран соққан еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?