Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы азаяды - министрлік

ҚазАқпарат
Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс.

ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жүктемесін азайту бойынша жұмыс жүргізуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазір оқушыға артылатын тұтас жүктемені азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасын 5 күнге сыйғызуға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. ҚР БҒМ бұйрығында бұл нормалар барлық білім беру топтары үшін нақты көрсетілген. Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс, бұл да біздің бұйрықта көрсетілген», - деді вице министр Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол министрліктің оқушыға артылатын жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Өткен жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрығы қабылданды. Бүгінде балаларға берілетін үй тапсырмасының үштен бірі қысқартылды. 1 қыркүйектен бастап, бұл құжат нормативті деңгейде күшіне енді», - деді Б.Асылова.

Оның айтуынша, бұл мәселе педагогтар қауымында кең талқыланады, ал ақпарат өңірлік деңгейдегі білім беру қызметкерлеріне жеткізілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды