Жасөспірімдерге өгей әкесі мен азаматтық некедегі ер азаматтар зорлық көрсетеді

www.qamshy.kz
Ақтөбеде жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұр.

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы қылмыс 62 пайызға өсті. Сонымен қатар, жасөспірімдерге кімдердің зәбір көрсететіні анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұр. Жасөспірімдерге зәбір көрсететіндер де бар. Мәселен, өткен жылы жасөспірімдерді қылмысқа итермелеп, сексуалдық зорлық жасаған, бұзақылық, бірлесе қарақшылық шабуыл жасау, тонаудың 95 дерегі тіркелді. Көбі тұрмыстық жағдайда болған.

«Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қарым-қатынас екі адамдың арасындағы келісіммен болып жатады. Кейін ата-аналары біліп, арыз жазады. Сонымен қатар, өгей әкесі мен азаматтық некедегі ер адамнан сексуалдық зәбір көрген деректер де бар. Өткен жылы 9 дерек тіркелді», — деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев.

Ақтөбе полицейлері мектептегі бопсалау дерегін тексеріп жатыр. Өткен жылы 3 дерек тіркелді. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Анықталғаны, ешқайсысы да мектеп аумағында болмаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз