Павлодарда екі аптада 6 адам өрттің құрбаны болды

Zakon.kz
Қайғылы жағдайдың болуына көбіне тұрғындардың өздері себепші.

Павлодарда қаңтардың алғашқы екі аптасында өрт оқиғалары жиілеп кетті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, аса ірі көлемде 35 өрт тіркеліп, 6 адам қаза тапқан, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Қайғылы жағдайдың болуына көбіне тұрғындардың өздері себепші. Ішімдікке тойып алып, темекі шегеді немесе электр бұйымдарын өшіруді ұмытып кетеді.

Қайыргелді Әлімхан, Өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу басқармасы бастығының орынбасары: - Бұл дабыл көтеріп, тұрғындарға жаппай ескерту жасауымызға мәжбүр етіп отыр. Себебі, биылғы жылы пешті қыздыра жаққаннан иіс тиіп, қайтыс болған тағы екі адам бар. Ал, жылу маусымы басталғалы 25 адам қаза тапты. Яғни, үш айда 160-қа тарта өрт оқиғасы тіркелді.

Болат Аманбаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды