Із-түзсіз жоғалған Петропавл тұрғыны Түркиядан табылды

stan.kz
Қазір СҚО полицейлері өткен жылдарда із-түзсіз жоғалған 49 адамды іздеп жатыр.

СҚО полицейлері жыл басынан бері жоғалып кеткен 8 адамды тапты. Солардың бірі Петропавл тұрғыны Түркиядан табылды. Бұл туралы stan.kz облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Шытырман оқиғаларды жаны сүйетіндер көбінесе туыстарына хабар беруді ұмытады немесе олардың хабарын жауапсыз қалдырады. Сондайлардың бірі, әпкесінің баласын қарауға қалған әйел баланы алып, ештеңе ескертпестен құрбыларымен қыдыруға кетіп қалған. Полицейлер оларды тауып, екі жасар баланы анасына қайтарды. Екіншісі, жоғалған Петропавл тұрғыны Түркиядан табылды. Қыз туыстарына ескертпестен, шетелге демалуға кетіп қалған. Оның жоғалғаны туралы полицейлерге қыздың туыстары өтініш жазды», – дейді облыстық баспасөз қызметі өкілі.

Қазір СҚО полицейлері өткен жылдарда із-түзсіз жоғалған 49 адамды іздеп жатыр. Биылдың өзінде оннан астам адам туыстары жоғалғанын айтып хабарласқан. Соның екеуін іздеу жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды