Өскеменде 36 адам өрттен құтқарылды

www.inform.kz
Үй иесінің денесі мен аяқ-қолдары күйген.

Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт сөндірушілер отыздан астам адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА Өскеменнің ТЖ басқармасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға 18 қаңтар күні түнгі сағат 22:20-да Сәтпаев даңғылында болған. Бірінші қабатта орналасқан пәтердің ішіндегі жиһаздар мен заттардың жанып жатқанын байқағандар өрт сөндірушілерге қоңырау шалған.

Құтқару қызметі пәтерге терезе арқылы кірді. Жерде ес-түссіз жатқан 1955 жылы туылған әйелді далаға алып шықққан өрт сөндірушілер Әли Сүбебаев пен Асылан Қадылбеков оны жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Үй иесінің денесі мен аяқ-қолдары күйген.

Ыс тиіп улану белгілері де бар.

«Өрт сөндірушілер екі топқа бөлініп жұмыс істеді, бірнші топ тілсіз жауды ауыздықтауға күш салса, екінші топ жоғарғы қабаттағы тұрғындарды құтқарумен айналысты. Барлығы 36 адам эвакуацияланды. Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде»,- делінген ТЖ басқармасы хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді