Павлодарда екі бала иіс тиіп, ауруханаға түсті

www.pavlodarnews.kz
жыл басынан бері тек қана Павлодар қаласы бойынша пештерден ақау кетуі салдарынан жеке тұрғын үйлерде 18 өрт шықты.

Павлодар қаласына іргелес орналасқан Ленин кентінде екі бала ысты газдан зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 9.12-де Надиров көшесінде орналасқан үйде қатты отынмен жылытылатын пештен ақау шыққан. Салдарынан 11 жастағы қыз бала мен 10 жастағы ұл бала жеңіл дәрежеде уланып қалған.

- Қазіргі таңда балалар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. Оқиға орнында жеке құрамнан екі қызметкер мен бір техника жұмыс істеді, - деді департаментте.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері тек қана Павлодар қаласы бойынша пештерден ақау кетуі салдарынан жеке тұрғын үйлерде 18 өрт шығып, жеті адам ысты газдан уланған.

Оның ішінде үш адам қайтыс болды және төртеуі түрлі деңгейде зардап шекті.

Осыған байланысты төтеншеліктер жылыту маусымы аяқталғанға дейін пешті дұрыс орнату және пайдалану бойынша апта сайын рейд өткізуде.

Ақбота Сейсенбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін