Астанада екі адамды үсік шалды 

sputniknews.kz
Елордада үй-күйсіз жүрген екі адам қатты аяздан зардап шекті.

Астанада тұрғылықты мекен-жайы жоқ ер және әйел адамды үсік шалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Орталық темір жол ауруханасы жарақат бөлімінің науқастарды қабылдау бөлмесінің мамандары.

"Бүгін күндіз үсік шалған 45 жастағы ер және 50 жастағы әйел адам түсті. Екеуінің де тұрғылықты жері жоқ. Олар Бірінші қалалық ауруханаға жіберілді", — деді науқастарды қабылдау бөлмесіндегілер.

№2 қалалық балалар ауруханасы мен Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының науқастарды қабылдау бөлмелеріне үсік шалған пациенттер түспеген.

Дүйсенбі күні еліміздің солтүстік өңірлерінде температура 45 градусқа дейін түсті. Астанада сынап бағанасы 39 градус суықты көрсетті.

Айта кетейік, Щучье қаласында (Ақмола облысы, Астанадан 241 километр жерде) 38 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйел үсіп өлді. Екеуінің де тұрғылықты жері болмаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ