Бүгін Павлодарда үсік шалған төрт адам жедел жәрдемге жүгінген

Алкогольді сусын ішіп, мас күйде далада қалғандарды қайғылы жағдай күтіп тұрғаны белгілі.

«Павлодар облысының жедел медициналық жәрдем станциясы» дабылды ескерту жарияланған алғашқы күні төрт үсік шалу және бір қатты тоңу оқиғасын тіркеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде агенттікке станцияның алдын алу емдеу бөлімі бас дәрігерінің орынбасары м.а Светлана Крылова айтты.

- Бүгін, 22-қаңтарда, таңертеңнен дәрігерлерге үсік шалған және қатты суық өткен екі екібастұздық және үш облыс орталығының тұрғындары жүгінді, - дейді Светлана Крылова. – Көбінесе олардың табандары мен білектеріне зақым келген.

Маманның айтуынша, мұндай жағдайдың туындауына төменгі температураның ұзақ уақыт әсер етуі және киім мен аяқ киімнің тар болуы себеп болады.

- Тұрғындарға сыртқа көп шықпауға кеңес береміз, - деді Светлана Крылова. – Егер қажеттілік туындаған жағдайда беттің ашық бөлігін мойынорағышпен жауып, бас киімді дұрыстап кию керек. Синтетикалық емес, мақталы немесе жүннен жасалған заттарға көңіл бөлген жөн.

Алкогольді сусын ішіп, мас күйде далада қалғандарды қайғылы жағдай күтіп тұрғаны белгілі. Жедел жәрдем станциясы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері осындай жағдаймен ауруларды қабылдау бөліміне өңір бойынша 26 адам түскен. Оның үшеуі – бала.

Үш ересек адам мен бір баланы емханаға жатқызған. Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы үсік шалудың алдын алу мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын ауа райына сәйкес киінуге және ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Тері жамылғысының үсікке шалдығуының бірнеше дәрежесі бар: Біріншіден - тері жамылғысының қызаруы және ісінуі, екіншіден - теріде көпіршіктер пайда болады, үшіншіден – терінің өлуі және қабыршық пайда болады және төртінші – дене бөліктері жансызданады (саусақ, табан).

Үсік шалған адамды жылдам жылытуға тыйым салынады: (жылытқыш қою, ыстық душ, жылы ванна, қарқынды ысқылау, ашық оттың жанында жылыту және т. б.).

Себебі бұл кезде зақымдалған тері қыза бастайды, бірақ қаннан оттегі алмайды, нәтижесінде тері қараяды және өледі. Үсікке шалған учаскелерді ысқылауға болмайды, өйткені ұсақ мұздықтар терінің бетін бүлдіреді және инфекция енгізу мүмкін.

Сондай-ақ, жылыну үшін алкоголь ішуге болмайды (ол алдымен қан тамырларының кеңейтуін, содан кейін күрт тарылуын тудырады, зақымданған учаскелерді оттегімен жабдықтануды құртады), дененің үсіген жерлерін маймен ысқылауға болмайды, себебі терінің демалуына және зақымдалған ұлпалардың түсуіне кері әсерін тигізеді.

- Үсік шалған кезде (тері күйдіру сезімі, шаншу) үсіген учаскені қолмен немесе жүннен тоқылған шарфпен ысыңыз. Қолғап пен аяқ киімді алып тастаңыз, қолды деммен жылытыңыз және жеңіл уқалаңыз, жоғарыдан төменгі бағытта аяқ табанын ысқыланыз.

Қатты үсіген кезде (сезімталдықтың жоғалуы, ауру, бозғылт, суық тері) зақымдалған орынды жылы киім-кешекпен немесе мүмкіндігінше бірнеше қабат мақтамен, дәкемен, полиэтиленмен жабыңыз және тезірек жылы үйге жетуге тырысыңыз. Дереу өзіңіз немесе көршілердің көмегімен дәрігерді шақырыңыз.

Таңғышты шешпеңіз, себебі қалыпты қан айналым температурасы бұзылады. Кез келген ыстық сусын ішіңіз (тәтті шай, кофе, сүт). Есіңізде болсын! Үсіген теріні құтқаруға болады, тек тез арада жақын жердегі аурухананың бөлімшесіне бару керек, - дейді департаментте.

Дулат Райымбек

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: