Ақтөбеде автобус өртінен аман қалған жүргізушілер ауруханадан шығарылды

ҚазАқпарат
Автобус өртінен аман қалған 5 адам бір апта бойы облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдады.

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған 5 адамның үшеуі ауруханадан шығарылды. Қазір екі Өзбекстан азаматы ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған 5 адам бір апта бойы облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдады. Аурухананың бас дәрігері Рақымжан Арыстанның хабарлауынша, прокуратура үш Қазақстан азаматын алып кетті. Олардың бәрі өртеніп кеткен автобустың жүргізушілері.

«Прокуратура үш адамды шығарып алды. Олардың бәрі Қазақстан азаматы. Ал екі Өзбекстан азаматы әлі ауруханада жатыр. Олардың қашан шығатындығын құқық қорғау органдары шешеді», - деді бас дәрігер Рақымжан Арыстан.

Айта кетейік, облыстық жедел жәрдем ауруханасына науқастар санавиациямен жеткізілді. Олардың қолын күйік шалған, газға қатты уланған. Қазір науқастардың денсаулығы жақсы, жағдайлары қанағаттанарлық. Жергілікті дәрігерлер қажетті емнің бәрін жасап, оларды ауруханадан шығаруға дайын отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс