Астанада екінші әуежай құрылысы басталады

Аэропорт в Астане, аэропорт Астаны, международный аэропорт Нурсултан Назарбаев, международный аэропорт в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 14:35 Фото: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында логистика саласына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыруды тапсырғанын еске салды.

"Ол үшін келесі жылы барлық автомобиль өткізу бекеттерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарын аяқтап, Бақты – Аягөз теміржол желісін іске қосу қажет. Сондай-ақ құрылыс маусымы басталғанда Көкшетау – Петропавл автожолын кеңейтуге және Астанада екінші әуежай салуға кірісу керек. Халықаралық жүк тасымалының көлемін арттыру үшін отандық жүк тасымалдаушыларға мемлекеттік қолдау көрсетудің қосымша шараларын әзірлеу қажет", – деп тапсырды Олжас Бектенов.

Тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Көлік министрлігіне жүк жинақтау және тарату орталықтарын құруды ескере отырып, сервистік инфрақұрылымды дамыту жұмысын күшейту тапсырылды.

"Аталған жобалардың барлығы, сондай-ақ көлік саласында цифрлық шешімдерді қолдану Көлік министрлігінің ерекше бақылауында болуы керек", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін премьер-министр "байларға салынатын салықты" енгізу тәсілдерін әзірлеуге бір ай уақыт берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: