СҚО-да «интернет-алаяқтар» тұрғындардың банк картасынан ақша алған

ҚазАқпарат
OLX, «Крыша.kz», «Колеса.kz», тіпті әлеуметтік желілер арқылы алаяқтар ақша табудың амалын тауып алған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өңір тұрғындарын интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, OLX, «Крыша.kz», «Колеса.kz», тіпті әлеуметтік желілер арқылы алаяқтар ақша табудың амалын тауып алған.

«Олар сатып алушы адам ретінде алдын ала ақшасын беріп жіберетіндерін айтып, сатушыларды сендіреді. Тауарының өтетініне сеніп қалған сатушы ЖСН түгілі, жеке нөмірін, банк картасының нөмірі, тіпті банктен SMS күйінде келетін растаушы код парольдарын да айта салады. Бұл қақпаннан кейін әккі алаяққа бөтеннің ақшасын өзіне аударып алу амалы ғана қалады», - деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Мәселен, Петропавл қаласының тұрғыны қысқы күртесін сататынын айтып, сайтқа хабарлама қалдырған. Алаяқ сатып алушының алдын ала «салып жіберетін» 50 теңгесі түгілі, қала тұрғыны өзінің зейнетақы алып отырған карточкасынан 20 мың теңгенің қалайша ізім-ғайым жоқ болып кеткенін байқамай қалған көрінеді.

«Өзіңізге тиесілі құпия нөмірлерді жасырып ұстаңыз. Бейтаныс адамдардың алдын ала саудасына келіспеңіз. Сіздің тауарыңызды сатып алғысы келген адам қолма-қол да береді. WhatsApp немесе өзге де мессенджерлер арқылы карточкаңыздың немесе түбіртектерді жібермеңіз», - деп сақтандырады СҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Ведомсто жыл басынан бері Петропавлда 7 қала тұрғыны интернет-алаяқтарға алданып қалғанын хабарлайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты