Астанада үш балалы отбасы аязда далада қалды

Sputniknews.kz
Баспанасыз қалған отбасын көршісі уақытша үйіне кіргізді.

Астанаға қарасты Ильинка елді мекенінде үш балалы отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

25 қаңтарға қараған түні Меңке Ысқақованың жеке үйі түгі қалмай жанып кетті.


"Өрт пештен шықты. Үй ағаштан тұрғызылған, жалын тұтас үйге шарпыды. Салдарынан газ баллон жарылды. Үйде мен, күйеуім және үш балам болды. Балалардың үлкені 16, ортаншысы 12, кішісі 6 жаста. Пеш қатты тарс ете қалды, біз далаға жүгіріп шықтық", — деді Sputnik Қазақстанға Меңке Ысқақова.

Әйелдің айтуынша, өрт сөндірушілер 40 минуттан кейін келген. Өрттен құдай сақтап ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі таңда Меңке Ысқақова үш баласымен бірге көршісінің үйінде тұрып жатыр. Отбасының достары көмек қаржы жинап жатқан көрінеді.

"Қайырымды жандар бізге қажетті заттарды, төсек-орынның тысын әкеліп жатыр. Әзірге жататын жеріміз жоқ, кереует керек", — деп толықтырды Ысқақова.

Астана әкімдігі үйді қайта салуға дайындалып жатқан отбасыға материалдық көмек көрсетуге уәде беріпті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады