Facebook күн сайын миллиондаған фейк аккаунтты бұғаттайды

Baq.kz
Жалған аккаунттардың тарауы компания саясатына қарама-қайшы.

Компания фейк аккаунттармен күресті күшейтетіндерін айтты. Енді жалған екені дәлелденген аккаунттар автоматты түрде өшірілетін болады. Мұнымен қатар, Facebook компаниясы АҚШ сенатының барлау бойынша комитетіне 25 қаңтар күні көрсеткен құжаттарында тіркеу процесі кезінде миллиондаған аккаунттарды бұғаттап отыратынын дәлелдеді. Яғни аккаунт ашуда келтірілген ақпараттар шындыққа жанаспайтын болса, деп хабарлайды Baq.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Facebook жалған аккаунттармен күрес жүргізу үшін әрдайым белгілі бір шаралар қолданып отыратынын мәлімдеді. Айтуларынша, мұндай аккаунттардың тарауы компания саясатына қарама-қайшы.

«Күн сайын тіркелу кезінде миллиондаған аккаунттарды бұғаттап отырамыз. Жетістіктеріміздің арқасында Франциядағы сайлауға қатысы бар деген 30 мың аккаунтты жойдық», - делінген түсініктемесінде.

Ал Twitter компаниясы өз кезегінде күн сайын 450 мың аккаунтты бұғаттайтынын айтты.

Естеріңізде болса, Әлеуметтік желіде лентаға өзгеріс енгізілетіні айтылғаннан кейін Facebook акциялары арзандады. Осы өзгерістің салдарынан Марк Цукерберг 2,9 млрд долларынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды