Головкин-Альварес реваншы өтетіндігі ресми түрде хабарланды

ҚазАқпарат
Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде өткен болатын.

Орта салмақ бойынша WBC, WBA, IBF нұсқаларының иегері Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес 5 мамырда қайта кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz BoxingScene сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жектің өткізілетіні туралы нақты ақпарат жақын арада жарияланатын болады.

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде өтті. Ол кездесу теңдей аяқталды деген қорытынды шығарылды. Сол уақыттан бастап боксшылардың командалары реванш өткізу жөнінде келіссөздер жүргізе бастаған еді. Алда болатын кездесуде жеңімпаз атанған спортшы WBO нұсқасы бойынша чемпион Билли Джо Сондерспен кездеседі. Яғни орта салмақта абсолютті чемпион атануға мүмкіндік алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент