Алматы облысындағы Қарақұм ауылының тұрғындары мұз ерітіп ішуге мәжбүр

mycdn.me
Ауызсу мәселесі шешілсе, Қарақұм ауылының жаңа дәуірі басталмақ.

Алматы облысында ауызсудың азабын тартқан ауыл тұрғындары мұз ерітіп ішіп отыр. Судан тарыққан Қарақұм халқы қыста мұз арқалап, жаздың аптап ыстығында 60 шақырым жерден таза суды тасып ішуге мәжбүр. Былтыр елді мекенге су құбыры тартылғанымен, іс бітпей, орта жолда аясыз қалды, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Қарағанды облысы аумағындағы 60 гектар жер Алматы облысының Қаратал ауданына тиесілі. 100-ге жуық түтін, 500-ден астам халық бар.

Қуаныш Қанатұлы, тілші: - Қарақұм ауылы ауыл болып құрылғалы ауызсудың зардабын шегіп келеді. Егер жазда су тасымалды болса, қыста Балқаш көліне қатқан суды ерітіп ішеді. Содан бері 60 жыл өтіпті.

Жолжақсы Кәкенов, ауыл тұрғыны: - Тазасын аламыз да астыңғы жағын, жылтырларын үйге апарып, ерітіп ішеміз. Дәмі таза.

Ауылға орталықтандырылған су жүйесі тартылуда. Бірақ, бір жылда аяқталуы тиіс жұмыстар екінші жылға созылды. Себебі, жобалау барысында жол қашықтығы есептелмеген. Ал, мердігер бұл жерге құрылыс материалдарын көлді айналып 3 облыс арқылы тасып шығындалған. Қазіргі таңда түзетулер енгізіліп, жетпей қалған қаржы қарастырылуда.

Азамат Бейісбаев, облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: - 2017 жылы 78 млн бөлініп толығымен игерілді. Қалған игерілмеген 25 млн теңгеге алдағы облыстық сессиясына ұсыныс енгізілді. Қолдау тапқан жағдайда жұмыстар толығымен аяқталатын болады.

Ауызсу мәселесі шешілсе, Қарақұм ауылының жаңа дәуірі басталмақ. Тұрғындар да бұл күнді асыға күтуде. Себебі, тіршілік нәрінің бейнетінен әбден шаршаған.

Қуаныш Қанатұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды